Bruteforce
almaz's avatar
almaz

Бір істі бірнеше күннен бері кейінге қалдырып жүрсің бе?

Өзіңе тек бір уәде бер: "сол іспен небәрі 10 минут қана айналысамын" деп, істі баста.

Көп жағдайда ең қиыны - бастау. Ал бастап кеткен соң, жұмысты жалғастыру әлдеқайда оңай болады.

Бұл әдіс код жазуға да, кітап оқуға да, үй жинауға да, спортқа да жарайды.

Кейде өнімді болудың құпиясы көбірек мотивация емес, жай ғана алғашқы 10 минутты бастау.