Интернет қалай (және не үшін) пайда болды

Интернет бірден бүкіл әлемді байланыстыратын үлкен жоба ретінде басталған жоқ. Ол қарапайым бір мәселені шешу үшін пайда болды: қиын жағдайда байланысты қалай сақтап қалуға болады?

1960 жылдардың соңында, Қырғи-қабақ соғыс кезінде, АҚШ-тағы ғалымдар бір нәрсеге алаңдады: егер байланыс жүйесінің бір бөлігі істен шықса, не болады? Ол кездегі жүйелер орталыққа тәуелді болды. Егер орталық бұзылса, бүкіл жүйе тоқтап қалатын. Бұл өте қауіпті жағдай.

Сондықтан зерттеушілер басқа жол ойлап тапты: орталықсыздандырылған желі. Ақпарат бір ғана жолмен емес, кішкентай бөліктерге бөлініп (оларды “пакет” деп атайды), әртүрлі жолдар арқылы жіберіледі. Егер желінің бір бөлігі істемей қалса да, ақпарат бәрібір жетеді.

1969 жылы алғашқы осындай желі, ARPANET, бірнеше университетті байланыстырды. Жіберілген ең алғашқы хабар “LOGIN” болуы керек еді, бірақ жүйе тек “LO” дегенде тоқтап қалды. Бастамасы сәл сәтсіз болды, бірақ идея жұмыс істеді.

Кейінгі жылдары инженерлер бұл жүйені дамытты. Ең маңызды жаңалықтардың бірі TCP/IP протоколдарының пайда болуы. Олар әртүрлі желілердің бір-бірімен байланысуына мүмкіндік берді. Осылайша “желілердің желісі”, интернет, пайда болды.

1989 жылы тағы бір маңызды қадам жасалды. Британдық ғалым Тим Бернерс-Ли World Wide Web-ті ойлап тапты. Ол құжаттарды бір-бірімен сілтемелер арқылы байланыстыру жолын және алғашқы веб-браузерді жасады. Интернет енді тек ғалымдарға емес, қарапайым адамдарға да қолжетімді болды.

1990 және 2000 жылдары интернет өте тез дамыды. Веб-сайттар, электрондық пошта, іздеу жүйелері, кейін әлеуметтік желілер пайда болды. Алғашында ғылыми және әскери мақсатта жасалған жоба күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды.

Бүгінде интернет жай құрал емес. Ол адамдарды байланыстыратын, ақпаратты жылдам тарататын, жаңа мүмкіндіктер ашатын үлкен орта.

Барлығы бір қарапайым сұрақтан басталды: қиын жағдайда ақпаратты қалай жоғалтпай жеткізуге болады?

Жұмыс іздеуге арналған ең танымал платформалар

Head Hunter (hh.kz) Елдегі ең үлкен вакансия базасы. Ыңғайлы резюме форматы, мобильді қосымшасы бар.

LinkedIn Мамандарға арналған халықаралық желі. Қазақстанда көбінесе IT, маркетинг және менеджмент салаларындағы жұмыс ұсыныстары жарияланады.

Rabota.kz Ескі әрі кең таралған портал. Орта және төмен буын мамандарына арналған көптеген ұсыныстар бар.

Zarplata.kz Вакансиялар мен жалақы аналитикасы бар сайт. Қай салада сұраныс жоғары екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Qyzmet.kz Тәжірибелі мамандарға арналған заманауи портал. Негізгі назар – білікті кадрларға.

Enbek.kz (Электронды еңбек биржасы) Мемлекеттік портал. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы ұсынылатын бос орындар, соның ішінде жұмысшы мамандықтары мен мемлекеттік қызмет бар.

Market.kz (Жұмыс бөлімі) OLX-қа ұқсас сайт. Сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс іздеуде жиі қолданылады.

Profi.kz Қызметтер мен қосымша табыс платформасы: репетиторлық, аударма, ұсақ жөндеу, жеткізу қызметтері.

Naimi.kz Бір реттік жұмысқа арналған сервис. Студенттер мен жылдам табыс іздеушілерге ыңғайлы.


Жоғарыда көрсетілген сайттардан бөлек, Telegram-да да көптеген жұмыс іздеу арналары бар. Онда кеңсе жұмысы, қашықтан жұмыс және уақытша табыс туралы жаңа хабарландырулар күн сайын жарияланып отырады.

Гуглдағы Сундар Пичаидың айтуынша Гуглхром жаңа нұсқасында Джеминимен біріктіріледі. Осындай ЖИ фичалары басқа браузерлерде әлдеқашан бар, бірақ твиттегі видеосына қарасақ, бұл интеграция жай ғана чат-көмекші емес.

JavaScript фреймворктары: қайсысын таңдаcам екен?

JavaScript веб-девелопмент саласында ең танымал бағдарламалау тілдерінің бірі. Ол үшін көптеген фреймворктар мен кітапханалар бар, және әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл мақалада ең танымал JavaScript фреймворктарын қарастырып, олардың ерекшеліктеріне салыстырамыз.

1. React

React – Facebook жасаған ең танымал JavaScript кітапханаларының бірі. Ол көбінесе UI үшін қолданылады.

Артықшылықтары:

  • Компоненттік құрылым – кодты бөлек тараптарға бөліп, оларды қайта пайдалануға болады.
  • Үлкен қауымдастық және Facebook қолдауы. Реактты пайдаланатын програмистер көп болғандықтан, ол туралы ақпаратты ғаламтордан табу оңай.
  • Көптеген үшінші тарап кітапханалары бар. Кез келген мәселені басқа програмистер ойлап тапқан шешімдер мен құралдар арқылы шешуге болады.

Кемшіліктері:

  • Тек UI үшін, яғни ылғи қосымша кітапханаларды пайдалану қажет болады (мысалы, Redux).
  • JSX синтаксисі бастапқыда үйренуге қиын болу мүмкін.
  • Бұл фреймворк ылғи жаңартылып, өзгерістері жиі шығады, сондықтан артта қалмау үшін, реакт туралы ақпаратты үнемі бақылап отыруың қажет.

2. Vue.js

Vue.js – қарапайымдылығы мен икемділігі үшін танымал болған фреймворк.

Артықшылықтары:

  • Оңай үйреніледі, қарапайым синтаксис.
  • Реактивті деректер моделі – жылдам жұмыс істейді.
  • Кішкентай өлшем (~160KB).
  • Құжаттамасы жақсы және түсінікті.

Кемшіліктері:

  • Үлкен жобалар үшін экожүйесі әлсіздеу.
  • Үшінші тарап кітапханалары React пен Angular-ға қарағанда аз.
  • Корпоративтік қолдау әлсіз.

3. Angular

Angular – Google қолдауымен жасалған толыққанды MVC фреймворкі.

Артықшылықтары:

  • Толыққанды шешім (бағыттау, dependency injection, форма өңдеу).
  • TypeScript негізінде жұмыс істейді.
  • Google қолдауы бар, үлкен қауымдастық.

Кемшіліктері:

  • Күрделі синтаксис, үйренуге қиын.
  • Өнімділігі Vue немесе React-пен салыстырғанда төмен.
  • Ауыр және шағын жобалар үшін тиімсіз болуы мүмкін.

4. Svelte

Svelte – ең заманауи фреймворктардың бірі, ол виртуалды DOM-сыз жұмыс істейді.

Артықшылықтары:

  • Компиляторға негізделген – өте жылдам.
  • Қарапайым синтаксис.
  • Виртуалды DOM қажет емес.

Кемшіліктері:

  • Шағын қауымдастық, кітапханалар саны аз.
  • Үлкен жобаларда қолдану тәжірибесі аз.
  • Корпоративтік қолдау жоқ.

5. Next.js (React негізінде)

Next.js – React-тің кеңейтілген нұсқасы, серверлік рендеринг пен статикалық сайттар жасауға мүмкіндік береді.

Артықшылықтары:

  • SEO-ға бейімделген.
  • Серверлік рендеринг (SSR) мүмкіндігі.
  • API маршруты бар (full-stack мүмкіндіктері).

Кемшіліктері:

  • React-ке тәуелді.
  • Серверлік жағын дұрыс баптау күрделі болуы мүмкін.
  • Үйренуге күрделі.

6. Nuxt.js (Vue негізінде)

Nuxt.js – Vue негізінде жасалған, серверлік рендеринг пен статикалық сайттарға бағытталған фреймворк.

Артықшылықтары:

  • SEO-ға оңтайландырылған.
  • Vue-дің барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады.
  • Серверлік рендеринг оңай.

Кемшіліктері:

  • Vue-ға тәуелді.
  • Күрделі баптау қажет.
  • Аз қауымдастық және ресми плагиндер саны шектеулі.

7. Express.js (Back-end үшін)

Express.js – серверлік қосымшалар жасауға арналған жеңіл фреймворк.

Артықшылықтары:

  • Жеңіл және жылдам.
  • Node.js негізінде жұмыс істейді.
  • REST API жасауға өте қолайлы.

Кемшіліктері:

  • MVC архитектурасы жоқ, ұйымдастыру қиын.
  • Қауіпсіздікке байланысты қосымша конфигурациялар қажет.
  • Үшінші тарап плагиндеріне тәуелді.

Сонымен…

Фреймворк таңдауда жобаңның талаптарын ескеру маңызды. Егер саған жылдам, жеңіл шешім керек болса – Vue немесе Svelte қарастыруға болады. Үлкен enterprise деңгейіндегі қосымша үшін Angular қолайлы. React пен Next.js кеңейтілетін экожүйесімен жақсы таңдау болуы мүмкін. Ал серверлік қосымшалар үшін Express.js – тамаша нұсқа.

Бастаушы инвесторларға арналған қосымшалар

Одан бұрын инвестициямен айналаспағандарға басында түсінуге оңай қосымшаларды пайдаланған дұрыс. Төменде қазақстандық қосымшалалардың тізімі:


Halyk Finance

Плюстері:

  • Оңай және ыңғайлы.

Минустары:

  • Қосымшаның сапасы шамалы, багтар мен қателер көп.

Jýsan Invest

Плюстері:

  • Ішінде аналитика құралдары және микроблог бар.

Минустары:

  • Саппорты шамалы.
  • Микроболгында Жусан туралы жаман нәрсе айтуға тиым салынады, бан жабыстырып берет.

Tradernet

Плюстері:

  • Трейдинг үшін ыңғайлы.
  • Графиктер мен түрлі құралдар бар.

Минустары:

  • Ресейде жасалған.
  • Инвестициямен айналыспағандар үшін интерфейсы қиын болуы мүмкін.

Tabys

Плюстері:

  • Тізімдегі қосымшалардың арасында ең оңай және түсінікті интерфейс.

Минустары:

  • Қосымшаларында баг көп.

Джаваскриптты тез меңгеруге көмектесетін 10 кеңес

Джаваскрипт — веб-девелопменттегі ең маңызды бағдарламалау тілдерінің бірі. Егер оны тез меңгергің келсе, төмендегі кеңестерді назарға ал:

Фреймворк, анау-мынауға секірмей, алдымен негіздерді меңгеріп ал

Алдымен, синтаксис пен негізгі құрылымдарды үйреніп ал. Ол — функциялар, айнымалылар, массивтер және объектілер туралы білімді қамтиды.

Практика

Теорияны оқи отырып, үйренген нәрсені бірден практикада қолдан. Кішкентай жобаларды баста, мысалы, есептеуіш немесе туду-лист.

Онлайн курстардан бас тартпа

Джаваскриптты үйренуге арналған көптеген тегін және ақылы курстар бар. Codecademy, FreeCodeCamp немесе Udemy сияқты платформаларды қолдан.

Документацияларды оқы

MDN Web Docs сияқты ресми документацияны оқы. Бұл саған тілдің мүмкіндіктері мен функцияларын тереңірек түсінуге көмектеседі. Кейін сол уйренген нәрселер интервью кезінде қажет болады.

Басқа мамандардың кодын зертте

Github сияқты платформалардан басқа девелоперлердің кодын оқып, олардың қалай жұмыс істейтінін түсініп ал.


Осы кеңестерді ұстансаң джаваскриптты тез және тиімді меңгеріп аласың. Сәттілік!

VDS, VPS, Shared hosting: Сайтыма қандай хостинг әперемін?

Сайтыңды немесе қосымшаңды ғаламторда жариялау үшін оған міндетті тұрде сервер қажет. Ал жобаңа қолайлы серверді таңдау кезінде провайдерлер хостингтің түрлі варианттарын ұсынып, оларға түрлі баға береді екенін байқайсың. Кейбір жобалар үшін ең қарапайым “Shared hosting” деп аталатын тариф жарайды, ал кейбіреулері қымбатырақ тарифтерде ғана болатын фнкцияларды қажет етеді.

Осы мақалада хостингтің түрлері және олардың айырмашылықтары түсіндіріледі.

Shared hosting

Ең арзан және қарапайым таңдау. Осы хостинг түрінде сенің сайтың басқа 100-тен астам сайтпен бірге бір компьютерде жатады. Осыдан сайттың жалдамдығы нашар болу мүмкін.

Оған қоса, кейбір провайдерлер shared hosting тарифына SSH функционалын қоспайды екен, сондықтан провайдерды таңдау кезеңінде тарифқа немене кіретінін оқып алу қажет.

VDS

VDS хостинг бойынша саған компьютерде бөлек орын, және де процессор, жедел жад, т.б кепілді түрде беріледі. Оған қоса функционалы да кең (SSH, операциялық жүйе қондыру, т.б). Егер сайтың маңызды, немесе оның трафигы үлкен болса, саған VDS қажет.

Dedicated Hosting

Бөлектелген сервер. Яғни, толықтай бөлек компьютер. Оның бүкіл бақылауы өз қолыңда, бірақ бағасы да жоғары. Dedicated Hosting тек үлкен және өте маңызды жобаларға ғана қажет болады.

Сайттардың түрлері: жобаңа қандай сайт керек екенін қалай анықтауға болады

Вебсайттар олардың мақсатына сәйкес түрлі санаттарға бөлінеді. Кейбірлері бізге тауар сатып алуға, кейбірлері — жаңа ақпаратпен танысуға мүмкіндк береді.

Landing page

Бір парақшадан тұратын және бір ғана мақсаты бар веб-сайт (тауар сату немесе юзерлерді email-жіберілімге тіркеу). Әдетте лендингтер тұрақты дизайн-жүйесін қажет етпейді және конструктор арқылы тез құрастырылады.

[image 1] [image 2]

Ecommerce

Тауарларды онлайн сатуға арналған веб-сайттар Ecommerce санатына жатады. Ол тек қана Amazon немесе Меломан сияқты онлайн-дүкендер емес. Яғни бір ғана тауарды сататын лендинг-парақшалары да Ecommerce санатына жатады.

Ecommerce сайттарды құру үшін Woocommerce, Shopify, BigCommerce құралдарын пайдалануға болады.

[image 3]

Блог және медиа

Осы санатқа жеке блог немесе кәсіптің жаңалықтарын жариялауға арналған вебсайттар жатады. Менің ойымша медиа сайттарға ең жарасымды платформа — WordPress. Бөлек сайт ашудың балама таңдауы — Medium немесе Blogger, кейбір жағдайларда тіпті Твитер, Тредс сияқты әлеуметтік желілер.

Қазақстандық Higgsfield стартабы метаның сатып алу ұсынысын қабылдаған жоқ. Аквизиция жөніндегі келіссөздер тоқтатылды.

Higgsfield контент жасаушыларға және кең аудиторияға арналған сурет пен бейне жасайтын жасанды интеллект құралдарын әзірлеп жатыр.

Meta сондай-ақ Pika сияқты өзге де AI-видео стартаптарымен келіссөздер жүргізіп, мұндай технологияларды Instagram мен Facebook-ке енгізуді жоспарлаған.

Ал Higgsfield командасы жобаны өз бетінше дамытып, компанияны декакорн деңгейіне жеткізуді көздеп отыр.

Saittyñ konversiasyn oñtailandyru täsılderı

Konversia — saittyñ eñ mañyzdy körsetkışı. Konversia degenımız — paidalanuşylardyñ tauar satyp aluy, formalardy toltyruy, poşta taratuyna jazyluy jäne t.b. äreket jasauy.

Osy maqalada saittyñ konversiasyn köterudıñ üş negızgı täsılı turaly aitamyn.

Kontenttıñ taqyryby jäne türtkısı

Jai ğana “myna pälenı satyp al” degen jaramaidy. Kontenttıñ mazmūnynda tauardyñ erekşılıgı, tiımdılıgı nemese iuzerdıñ jasaityn äreketınıñ paidasy turaly aqparat bolu qajet.

Basqaşa aitsaq, bıregei sauda ūsynysy bolu kerek.

Trafiktyñ sapasy jäne relevanttyğy

Eger senıñ ūsynyp jatqan tauaryñ iuzerge qajet emes bolsa, eşqandai keremet dizain men myqty kontent kömektespeidı.

Sondyqtan konversianyñ oñtailandyruy jarnamadan bastalu qajet. Jarnamañ dürys auditoriağa közdelgen be?

Basynan potensialdy satyp aluşynyñ demografialyq erekşelıgın, onyñ ädetterın, qai jerden saitqa qonatynyn anyqtap alu kerek.

Mobile first

Qazırgı tañda iuzerlerdıñ köpşılıgı ğalamtordy ūialy telefon arqyly aralaidy. Al senıñ jarnamañ instagram, feisbuk siaqty jerde jarialanğan bolsa, senıñ iuzerlerıñnıñ 100 paiyzy ūialy telefon paidalanuşysy deuge bolady. Sondyqtan saittağy iuzerdıñ qonu paraqşasy bırınşı kezekte ūialy telefonğa beiımdılengen boluy qajet.

Alaida…

… konversiasyn oñtailandyru kezınde qaindai täsılderdı paidalansañda, olardyñ nätijelılıgın Google Analytics siaqty qūraldar nemese A/B test arqyly ölşeuge ūmytpa.

Full-Stack Web Dev Жол картасы:

1-ші қадам: 🧠 HTML, CSS, JavaScript

2-ші қадам: ⚛️ Frontend (React, Vue)

3-ші қадам: 🛠️ Backend (Node.js, Express)

4-ші қадам: 🗃️ Деректер базалары (SQL, MongoDB)

5-ші қадам: ⚙️ API және аутентификация (REST, JWT)

6-шы қадам: 🧪 Тестілеу және қателерді түзету

7-ші қадам: 🚀 Жариялау (Vercel, Render)

8-ші қадам: 📢 Жобалар құру

9-шы қадам: 💼 Жұмысқа орналасу!

🔓 Құпия кеңес: Барлығын GitHub-қа жүкте!

Сайттың конверсиясын оңтайландыру тәсілдері

Конверсия — сайттың ең маңызды көрсеткіші. Конверсия дегеніміз — пайдаланушылардың тауар сатып алуы, формаларды толтыруы, пошта таратуына жазылуы және т.б. әрекет жасауы.

Осы мақалада сайттың конверсиясын көтерудің үш негізгі тәсілі туралы айтамын.

Контенттің тақырыбы және түрткісі

Жай ғана “мына пәлені сатып ал” деген жарамайды. Контенттің мазмұнында тауардың ерекшілігі, тиімділігі немесе юзердің жасайтын әрекетінің пайдасы туралы ақпарат болу қажет.

Басқаша айтсақ, бірегей сауда ұсынысы болу керек.

Трафиктың сапасы және релеванттығы

Егер сенің ұсынып жатқан тауарың юзерге қажет емес болса, ешқандай керемет дизайн мен мықты контент көмектеспейді.

Сондықтан конверсияның оңтайландыруы жарнамадан басталу қажет. Жарнамаң дүрыс аудиторияға көзделген бе?

Басынан потенциалды сатып алушының демографиялық ерекшелігін, оның әдеттерін, қай жерден сайтқа қонатынын анықтап алу керек.

Mobile first

Қазіргі таңда юзерлердің көпшілігі ғаламторды ұялы телефон арқылы аралайды. Ал сенің жарнамаң инстаграм, фейсбук сияқты жерде жарияланған болса, сенің юзерлеріңнің 100 пайызы ұялы телефон пайдаланушысы деуге болады. Сондықтан сайттағы юзердің қону парақшасы бірінші кезекте ұялы телефонға бейімділенген болуы қажет.

Алайда…

… конверсиясын оңтайландыру кезінде қайндай тәсілдерді пайдалансаңда, олардың нәтижелілігін Google Analytics сияқты құралдар немесе A/B test арқылы өлшеуге ұмытпа.

Backend инженерлерінің 90 пайызы CSS-тен қорқады. Frontend инженерлерінің 90 пайызы SQL-ден қорқады.

SEO дәуірі жабылып, GEO (Generative Engine Optimization) уақыты басталды.

Енді мақсат - гуглдағы рейтинг емес, AI жауаптарының ішінде еске түсу. ChatGPT, Claude, Gemini сияқты модельдер кілтсөзді емес, мәнді мазмұнды жаттап қалады.

Көрінушіліктен қатысуға ауысу. Маркетингтің жаңа майданы - тілдік модельдің жады.

👉 Оригинал: a16z.com/geo-over-seo

Бағдарламалаудың шындығы:

  • Жұмыстың 99 пайызын бір күн ішінде бітіресің
  • Қалған 1 пайызы ешқашан бітпейді

Веб-девелопменттегі ТОП-10 технология:

  1. 🟨 JavaScript: 98% қолданылуы
  2. 🔵 TypeScript: 78% қолданысқа енуі
  3. 🟢 Node.js: 75% backend таңдауы
  4. ⚛️ React: 70% frontend фреймворкі
  5. 🅰️ Angular: 55% корпоративтік қолданылуы
  6. 💚 Vue.js: 49% өсіп келе жатқан танымалдығы
  7. 🐍 Python: 48% full-stack үшін
  8. 💎 Ruby on Rails: 45% кәсіптің таңдауы
  9. 🐘 PHP: 43% кең таралған қолданылуы
  10. ☕ Java: 40% ентерпрайз таңдауы

Scrum дегеніміз не және оны қалай пайдаланады

Продуктты жобалау кезеңінде командалар процессті тездету және сапасын арттыру үшін түрлі методологияларды пайдаланады. Дүрыс методология продуктты құрастырау барысында бюджетті және уақытты босқа жоюды болдырмайды.

Айти саласында Agile методологиясы ең танымалы болып табылады. Agile дегеніміз - процессті икемді қылу үшін арналған методология.

Agile тәсілін пайдалатын командада иерархия жоқ, әр адамның рөлі ғана бар, және олардың бәрі өз міндеттеріне фокус береді. Эджайлдың тағы бір ережесі — ұзақ мерзімді жоспардың орнына қысқа мерзімді өзгерістерге назар беру. Оның басты мәні — құрастыруды итерацияларға бөлу, және әр итерация бойында продуктқа бір маңызды функция қосу. Команда сол функцияны нарыққа шығарып, оның бойынша метрикалар жинап, қорытындылар шығарып, келесі итерацияларда приоритеттер қандай болатынын шешеді. **Осылай команда уақытын және бюджетті босқа жоймай, продуктқа максималды пайда әкелетін нәрселермен айналысады.

SCRUM

Осы соңғы айтылған ереже, яғни итерациялар арқылы продуктты дамыту, Scrum деп аталады.

Әрине, итерация тәсілі скрамның жалғыз ғана ережесі емес. Мысалы, скрам бойынша продукттің әзірлеушілері организация ішінде бөлімдерге бөлінбей, бір команда болып жасайды.

Ал итерация дегеніміз не екен?

Мысал келтірейін. Ойыңа бір керемет продукт идеясы келеді. Оны әзірлеп, нарыққа шығару үшін команда жинайсың, ақша табасың, офис жалдайсын. Команда оны әзерлеуге уақыт, күш, бюджет жұмсауы керек. Ал соңында сол продуктқа сұраныс табылмай, ол нарыққа қажет емес болып шықса ше? Осыны болдырмау үшін құрастырау және дамыту процессін оңтайландыру қажет. Сол мақсатпен процессті итерацияларға, яғни циклдерге бөледі.

Оны 2ші суреттегі иллюстрация арқылы түсунеге болады. Сол суретке қарасақ, бір циклдің ішінде бірнеше этап бар екен: зерттеу, жоспарлау, құрастыру және фидбек жинау.

Оны қалай пайдалану керек

Басында продукттің бета немесе MVP версиясын шығаруға болады. MVP дегеніміз - юзердің ең маңызды мәселесін шешетін версиясы.

Гуглды мысалға алсақ, ол продуктте іздеуден басқа талай сервистері бар — почта, аналитика, хром, ассистент және т.б. Бірақ оның ең басты сервисі іздеу болып табылады.

Осылай сенің де продуктың өзінің алғалшқы кезеңінде ең басты сервисіне назар беру керек. Егер сол басты сервисі нарыққа қажет болып табылса, продукт табысты болады.

Сонымен бірінші итерация ішінде продукттің MVP версиясын жоспарлап, азғантай уақытта продуктті қандай фичалармен нарыққа шығаруға болатынын табамыз. Оны әзерлу, нарыққа шығарғаннан кейін юзерлерден фидбек, метрикалар жинап, “продукттың мақсаты жетілді ме”, “продукт нарықта орнын табады ма”, “оны пайдаланатын адам бар ма” деген сияқты сұрақтарға жауап табамыз.

Осы информацияға сүйеніп, тап осылай келесі итерацияны жоспарлаймыз. Осылай әр итерацияда продуктті дамытып, өзгертіп, нарықтың сұраныстарына бейімдеп, жалғастыра береміз.

Әр итерация бір апта немесе бір ай жалғасуы мүмкін, ал тағайындалған скрам мастер деген адам оның бойында митингтер өткізіп, прогрессті бақылап жұреді.

Осылай, өзімнің тәжірибем бойынша түсіндіруге тырыстым. Қателіктер немесе айтылмаған нәрселер болса коммент арқылы жазып жіберіңдер.

Өзіңді "сәтсізбін" деп сезініп жүрсің бе? Миға "бітті бәрі" деген ойл келгенде, мына 5 минуттық әдісті байқап көр:

  1. Алаңдауды байқа: “Мен ең жаманы болады деп күтіп тұрмын.”
  2. Ең жаманын елестет: “Шынымен ең жаман не болуы мүмкін?”
  3. Әрекетіңді тап: “Егер солай болса, мен не істей аламын?”
  4. Ең жақсысын көз алдыңа келтір: “Ал егер бәрі керемет болса ше?”
  5. Бекемден: “Мен болашақты болжай алмаймын, бірақ не болса да қолымнан келетінін жасаймын.”

Фронтендте ең қиын бөлік - жаңа фреймворкты үйрену емес. Ең қиыны - кеше жазған кодыңды бүгін түсіну.